Карантин кезінде Алакөл және Балқаштағы демалыс аймақтары қалай жұмыс істейді
Алакөл мен Балқаш жағалауындағы жағажайлар мен демалыс аймақтары санитарлық нормалар аясында жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы карантинге қарамастан Алакөл көлінің бассейнінде суға шомылу маусымы жалғасып жатыр. Коронавирус эпидемиясының қаупіне байланысты қонақтар мен демалушылар саны әлі де аз."Алакөл де бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады, бірақ мен барлық қажетті санитарлық және дезинфекция шараларын күшейту керектігін атап өтемін", - деді облыстық баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.
Қазір Алакөл жағалауында 250 пансионат, қонақ үйлер, демалыс базалары мен аймақтары, сауықтыру лагерлері мен қонақ үйлер жұмыс істейді. Тәуліктік сыйымдылығы 23,5 мың адамнан асады, бұл Алматы облысының туристік объектілерінің жалпы санының 30%-дан астамын құрайды.
Тағы үш жаңа демалыс орталығы ашылып, туристік инфрақұрылымның 15 нысанын пайдалануға беру жоспарланған, оған 2,750 млрд теңге инвестицияланды.
"Жағалаудағы Ақши ауылында электр, су және кәріз желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Елді мекенде көліктің көлге өтуін жеңілдететін өтпелі көшелер салынып жатыр. Кент абаттандырылып жатып - көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды асфальттау жүргізілуде, арық желісін салуда. Мұнда қонақтарды жайлы демалыс пен ойын-сауық күтеді", - деп әкімдік өкілдері.
Әзірге танымал демалыс орындарына Талдықорған – Үшарал – Талдықорған, сондай-ақ, Алматы – Үшарал - Алматы және Нұр-Сұлтан – Үшарал- Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша әуе қатынасы жұмыс істейді. Билет құны тиісінше 8 000, 10 000 және 16 000 теңге.
Шымкент-Үшарал жаңа авиамаршрутын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, демалушылар Алакөлге дейін темір жол көлігімен және автобуспен жете алады.
Аймақтық коммуникация қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Балқаш көлінің жағалауындағы 18 демалыс аймағы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, қонақтарды қабылдайды.
Айта кетейік, Алакөл көлі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының билігі 5 шілдеден бастап енгізілетін карантин кезінде өңірдегі туристік аймақтарға қолжетімділікті шектемейтінін мәлімдеген болатын. Бұл тек Алакөл ғана емес, аймақта орналасқан басқа да демалыс орындарына қатысты.