Қазақстанда карантин тағы ұзартыла ма: Министрлік жауап берді
Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы шектеулерді ұзарту немесе карантинді қатаңдатуды 19 шілдеге дейін қарастырылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Карантинді ұзарту туралы. Бастапқыда, ұсыныс жасалған кезде, режимді, оның ішінде бизнес-қоғамдастық үшін мүмкіндігінше бейімделу үшін азаматтардың тілектері ескерілді. Алайда ауырғандардың саны өсуіне байланысты қайтадан карантин енгізуге тура келді. Кез келген инкубациялық кезеңге 14 күн керек болғандықтан, әзірге екі апта деп бекіттік", - деді Цой.Оның айтуынша, агенттік қазір шектеу шараларын ұзарту мәселелерін қарастыруда, бірақ нақты карантинге қатысты ақпарат екінші аптаның басында немесе одан кейін белгілі болады.
"Яғни, біз карантиннің соңына қарай бағалау жүргізгенде, оның сақталатыны немесе шаралар күшейтілетіні анық болады. Қазір біз осы мәселелермен айналысып жатырмыз, біз ғалымдармен және шетелдік әріптестерімізбен бірге жағдайды бақылап отырмы", - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеден бастап елімізде екі аптаға карантиндік шектеулер енгізілген.