Қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланған – ЦАРКА
Қазақстандық Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының мамандары қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ұйым Telegram-арнасында хабарлады ДСМ қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.
«Ұлт денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы атышулы кодексті аздап талқылағымыз келеді.
«Денсаулық сақтау саласындағы сапаны бақылау жүйесінің» осалдығы жеке және медициналық деректерге шабуыл жасалуына себеп болды. 2020 жылдың өзінде жүйеде шамамен 24,5 мың аудиожазба мен жеке тұлғалардың біріктірілген мемлекеттік деректер қорынан ондаған гигабайт жеке деректер жинақталған», – дейді мамандар.
Олардың айтуынша, бұл ақпарат «кез келген тіркелген пайдаланушыға жарты жылдан астам уақыт» желіде қолжетімді және «денсаулық сақтау министрлігі жинақтаған ақпараттың біршамасына» жол ашады.
«Жеке және медициналық мәліметтердің тарап кеткені үшін ешкім жауапкершілікке тартылмайды. Себебі түсінікті: денсаулық туралы жаңа Кодекс қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің деректері дербес деректерді жалпы реттеуге түспейтіндей етіп жасалған.Кодексте «дербес медициналық деректер және дербес медициналық деректердің агрегаторы» сияқты жаңа ұғымдарды енгізілген. Бұл фокус жеке деректер туралы заңда осындай анықтамалардың жоғын жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді. Заң тек «дербес деректерді» және «дербес деректер операторын» «біледі», ал реттеуші өз құзыретінен тыс шыға алмайды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау туралы кодекске қол қойғаны туралы хабарланған.