Мемлекеттік бағдарламамен әлеуметтік нысандар құрылыс қарқынды жүруде
«Жұмыспен қамтудың жол картасы»» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданында 18 жоба жүзеге асуда. Олардың қатарында аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Наркескен» спорт клубы ғимаратының жөндеу жұмыстары да бар. Нысанның шатырын ауыстыру, ішкі қабырғаларды түсіріп, сырлау, төбесі мен еденін, ғимараттың сыртын металл сайдингтермен қаптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жылу жүйелерін ауыстыру қолға алынды.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүріп жатқан қарқынды құрылысқа 10 адам жұмысқа тартылған болатын. Олардың 5-еуі – жалағаштық. Айта кету керек, «Наркескен» спорт клубында 8 спорттық секцияда 560 спортшы шұғылданады.
Аталған бағдарлама негізінде Мәдениет және өнерді дамыту орталығына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көрермендер залының сахнасын жөндеу, орындықтар мен еденін ауыстыру, спорт залдың төбесі мен еденін ауыстыру, қабырғасын сылау, жуыну бөлмелері мен бапкерлер бөлмелерінің есіктерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы құрылысқа 30-ға жуық адам жұмысқа тартылса, оның 14-і жалағаштық.