» » Сыр өңіріндегі әлеуметтік төлемдер жүйелі жүргізілуде

Сыр өңіріндегі әлеуметтік төлемдер жүйелі жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А.Қайруллаев және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесуде өңір басшысы карантиндік режимге байланысты аймақтағы әлеуметтік төлемдердің жүйелі жүргізілуін тапсырды.
"Эпидемиялық ахуал күрделі. Көп кәсіпкерлік нысандарда карантин режиміне сәйкес жұмыс тоқтап тұр. Сол себепті әлеуметтік төлемдердің дұрыс ұйымдастырылуын бақылауға алыңыздар", деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Айта кетейік, карантин уақытында табысынан айырылған облысымыздың 58 985 тұрғынына 42 500 теңге көлемінде төлем жасауға жіберіліп, бүгінде 43 482-сінің есеп шотына түсті. Ал, 33 280 қызылордалыққа автоматты түрде SMS жолданып, табысынан айырылғандығын растау жұмыстары жүргізілді. Жалпы мобильді қосымшалар мен вебсайттар арқылы қазіргі таңда 29 128 өтінім келіп түсті.
Естеріңізге сала кетейік, өтініштер еgov.kz электронды үкімет порталы мен 42 500.enbek.kz веб-сайты, Telegram-бот, kaspi.kz, HomeBank  мобильді қосымшалары арқылы 20 шілдеден бастап 1 қыркүйекке онлайн түрде жолдауға болады.

22 шілде 2020 ж. 509 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031