» » Шілдеде 42500 теңге кімдерге берілетіні белгілі болды

Шілдеде 42500 теңге кімдерге берілетіні белгілі болды

ақша

Үкімет басшысы Асқар Мамин 42500 теңге нақты кімдерге берілетінін туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында Асқар Мамин карантин кезінде табысынан айырылған өтініш берушілер арасында жүргізілетінін жеткізді. 
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралы кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өтінімі негізінде жүргізіледі", - деді ол үкімет отырысында.
Сонымен қатар, үкімет басшысы мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуді еңбек министрлігіне тапсырды. 
"Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне және ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл - 1 миллионнан астам адам", - деді үкімет басшысы.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42500 теңге берілетінін айтқан еді.

14 шілде 2020 ж. 354 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 785

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031