» » » Қызылордада діни мәселелер жөнінде кеңес беретін орталық жұмысын бастады

Қызылордада діни мәселелер жөнінде кеңес беретін орталық жұмысын бастады

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша бас имамы Болатбек Әбуовпен кездесті. Кездесуде облыстағы діни ахуал және қауіпті індеттің таралуын болдырмау шаралары талқыланды.
«Облыста аурудың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мешіттердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргідей карантин кезінде сіздер жүргізетін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының маңызы зор», – деді облыс әкімі.
Бас имам өкілдіктің жұмысы ақпараттық-насихат, білім беру, қайырымдылық және жат ағымдармен күрес бағыттары бойынша жүргізілетінін жеткізді. Өңір бойынша 178 мешітте 253 діни қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, 78 сырбойылық жас Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетінде білім алуда. Оның 14-і биыл университет, медресе-колледждерді 36 жас тәмамдайды.
"Жамағатқа уағыз айтып, тұрақты жүргізілетін діни сабақтардан бөлек, имамдардың тікелей атсалысуымен қайырымдылық шаралары үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Осы күнге дейін әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20-ға жуық отбасы баспаналы болған. Таяуда орталық мешіт жанынан діни мәселелер жөнінде кеңес беру орталығы (8 707 921 47 15 нөмірлі) ашылды. Ал әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы онлайн сабақтар жүргізілуде", - деді Б.Әбуов.
Кездесу соңында аймақ басшысы елдегі төтенше жағдайға байланысты имамдар жұртты бірлікке шақырып, қасиетті Рамазан айы қарсаңында халықты карантин талаптарына баса мән беруге шақырды.
«Бұл – бүгінгі күні бірлесіп атқарылатын жұмыстың ең маңызды бағыты», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
08 сәуір 2020 ж. 315 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930