» » КЕСЕЛМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

КЕСЕЛМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жалағаш ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты селектор өтті. Аудан әкімі Асылбек Шаменов селекторлық режимде өткен жиында аймақ басшысына аудандағы эпидемиологиялық ахуал туралы, індеттің алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Дәл осы күні Жалағашта коронавирус инфекциясымен 92 науқас тіркеліп тіркелсе, 63 науқас дертінен айыққан. Ал пневмония диагнозымен 129 адам тіркеліп, 65 науқас жазылып шықты. Қазір кеселмен күрес шаралары ауданда қарқын алған.  Бүгінге дейін 255 төсек орны дайын болса, Мәдениет ауылдық ауруханасынан провизорлық және КВИ стационарлар ашылып, 20 төсек орынға арналған аурухананың төсек қоры 105-ке жеткізілді.
Айта кетейік, кент орталығындағы №246 орта мектеп ғимаратының «Б» корпусынан 80 адамға, «Ақтерек» сауықтыру лагерінен 50 адамға және Аққұм ауылдық ауруханасынан 20 адамға арналған провизорлық стационар дайындалған болатын. Балалардың инфекцияға шалдығу жағдайы өршіген жағдайда №246 мектептің «А» корпусы балаларға арналған провизорлық стационар етіп пайдалануға толықтай дайын.
Ауданда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және науқастардың тұрақты ем алуы үшін 4 мектептен емдік шаралар жүргізілетін бөлмелер ашылып, халыққа қызмет етуде. Қазіргі таңда 4 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ 5 оттегі концентраты, 40 оттегі баллоны алынып, емдік шаралар жүргізілуде.
Асылбек Шаменов өз сөзінде медициналық қызметкерлерден құрылған 17 мобильді топтың да жұмыс жасап жатқанын айтып өтті. Топ құрамына 1 дәрігер, 1 фельдшер жұмылдырылған. Аталған мобильді топтардың жұмысын жеделдету үшін аудан әкімдігі тарапынан қызметтік автокөліктер бөлінді.
Ауданда адамдар көп шоғырланатын жерлер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде наурыз-шілде  айларының аралығында 268 мың шаршы метр аумақ дезинфекцияланған. Мәжілісте аймақ басшысы Асылбек Шаменовке провизорлық стационарда төсек орындарды көбейту, дәріханалар мен ауруханаларға қажетті дәрі қорын бірнеше айға толықтыру қажеттігін тапсырды.
Өз кезегінде аудан әкімі аудан бойынша коронавирус инфекциясының алдын-алу және таралуын шектеу бағытындағы жұмыстар қатаң бақылауда екенін айтып, берілген тапсырмалардың орындалуына жұмыс жасайтынын жеткізді.
Жиында Жалағаштан бөлек Арал, Қармақшы, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласындағы эпидемиологиялық ахуал жайы да қаралды. Мәжілісте аймақ басшысы Асылбек Шаменовке дәріханалар мен ауруханаларға қажетті дәрі қорын бірнеше айға толықтыруды және дистрибьюторлармен келісімге келіп, халыққа аса қажет дәрілерді уақытылы жеткізуді тапсырды. Мұнан бөлек стационарларды көбейтуді және ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді жүктеді.
– Қажет болған жағдайда инфекциялық, провизорлық стационарлар жеткілікті болу керек. Алыс елді мекендерде көмек көрсетуге мобильді топтардың санын көбейттік. Енді сапалы жұмыс жасаңыздар. Халықтың өзін-өзі оқшаулап, сақтық шараларын ұстануға насихаттайтын ақ­параттандыру жұмыстарын кү­­шейтіңіздер. Әсіресе жерлеу рәсімдерінде адам көп жина­лады. Сол себепті бір медицина қызметкерін бақылауға жіберіңіздер, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Расында адамдардың қоғамдық орындарда көптеп шоғырлануы бұл кеселді ауыздықтауға айтарлықтай кері әсерін тигізері анық. Мұнан бөлек әрбір тұрғын өз денсаулығы үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны абзал. Мемлекет бекіткен ортақ тәртіпке бағынып, жауапты мамандардың жұмысын қиындатпау әрбір адамның азаматтық міндеті екенін шын сезінетін уақыт жеткен сыңайлы.
23 шілде 2020 ж. 700 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930