» » Гүлшара Әбдіқалықова жұқпалы аурулар ауруханасында болды

Гүлшара Әбдіқалықова жұқпалы аурулар ауруханасында болды

Аймақ басшысы емдеу мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, өңірдегі ахуалға қанықты.
3 қабатты ғимаратта орналасқан облыстық аурухана 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда емдеу орнында науқастарға арналған 185 төсек орны бар. Оның ішінде ересектерге – 142, балаларға – 43 орын қарастырылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов өңірде коронавирус індетінің алдын алу бағытынды атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
«Облыстағы емдеу, алдын-алу ұйымдарындағы медицина қызметкерлері арасында тиісті сала мамандарының қатысуымен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша семинарлар өткізілді. Медицина қызметкерлері арасында талдаулар алу, күдіктілер мен науқастарды оқшаулау және оларға көмек көрсету бойынша нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ, «Қорқыт-Ата» әуежайында және барлық медицина ұйымдарында коронавирус инфекциясы күдігін анықтау үшін оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Аймақтың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық жабдықталған», – деді Ж.Абдусаметов
Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі аймақтық штаб отырысының шешіміне сәйкес, денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен барлығы 100 провизорлық стационар ашылған. Оның 30 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 70 облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясында орналастырылды. Сонымен қатар, карантинге оқшаулау мақсатында облыс бойынша барлығы 850 төсек орын дайындалған.
Аймақ басшысы ауруханаларда төсек орындарын көбейтуді және коронавирус ауруының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
«Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жариялады. Бұл жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылады. Емдеу мекемелерінде төсек орнын көбейту қажет. Вирустың таралуын алдын алу және емдеу үшін күшейтілген режимде қызмет жасайтын боламыз», – деді облыс әкімі Гүлшара Наушақызы.





29 наурыз 2020 ж. 525 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930