» » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келді. Басқарма басшысы аудан әкімі Асылбек Шәменовпен Жалағашта жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Алдымен Бердияр Автайұлы кент орталығындағы 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылыс алаңына барып, жұмысшыларға мейлінше сапаға мән беру қажеттігін назарға салды. Алдағы уақытқа Жалағашта білім бөлімінің ескі ғимараты бұзылып, орнына оқушылар үйі мен өнер мектебінің ғимараты жаңадан салынатын болады. Жоба құны 431,5 млн теңгені құрайды. Жаңа нысан келер жылы ел игіліне беріледі деп күтілуде.
Басқарма басшысының мұнан кейінгі жұмыс сапары былтыр республикалық бюджеттен қаржысы қаралған 100 төсектік аудандық аурухананың құрылыс алаңында жалғасты. Қазіргі таңда мұндағы жұмыстар қарқынды жүруде. Ғимараттың жалпы сметалық құны 3,9 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен былтыр 432,9 млн теңге бөлінген еді. Ал биыл 1 млрд теңге қаржы қаралды. Бүгінде аудандық аурухана құрылысының 85 пайызы аяқталып отыр. Мердігер мекеме қалған жұмыстарды өз күшімен жүргізуде.
Нысанның аяқталу мерзімі келер жылы болғанымен мердігер қаржы мәселесі шешілген жағдайда нысанды жыл аяғына дейін толығымен іске қосуға мүмкіндік бар екенін айтады.
Бердияр Автайұлы ауданда Жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан балабақша құрылысымен де танысты. Өткен айда басталған құрылыс жұмыстары осы жылдың қазан айында аяқталып, ел игілігіне берілмек. Бас мердігер – «ДГУ-Сервис» ЖШС.
Басқарма басшысы бір пәтерлі 3 бөлмелі 10 тұрғын үй құрылысының жұмыстарымен танысу үшін «Дәуімбай» учаскесіне де арнай атбасын бұрды. –Мұндағы тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан Мердігер мекеме  – «Иман» ЖШС. Қазіргі таңда құрылысқа жергілікті адамдар жұмысқа тартылған.
Ауданға жұмыс сапары барысында Б.Автайұлы М.Шәменов ауылдық округіндегі 140 орындық мектептің құрылысыс алаңына барды. Бүгінде мектеп құрылысы толық аяқталған. Өткен жылы іргетасы қаланған білім ошағының жалпы алаңы 2648,8 шаршы метрді құрайды. Бас мердігер – «Интегрострой» ЖШС. Мектеп жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
24 шілде 2020 ж. 708 0