МОБИЛЬДІ ТОПТАР ТАРАПЫНАН 170 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Аудан әкімінің №63 өкімімен аудан әкімдігінің жанынан арнайы үш мобильді топ құрылып, коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында күшейтілген режимде жұмыстар атқарылуда.
Жалағаш ауданы аумағындағы коронавирусты инфекциясының алдын алу мақсатында, барлық нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, кәсіпкерлік субъектілердің шектеулі уақытпен жұмыс жасауларына күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп мониторинг жасалуда.
Атап айтқанда бүгінгі күнге 170 кәсіпкерлік нысанға мобильді топтар тарапынан тексеру және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, азаматтардың көшелерде, саябақтарда адамдардың көп шоғырланбауы мен бетпердесіз жүрмеулері қатаң бақылауға алынған. Дегенмен кейбір тұрғындар тарапынан немқұрайлылық танытып, әлі де болса бетперде тақпай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамай жүргендер де кездеседі. Бірақ қазіргі уақытта тұрғындардың басым көпшілігі санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтап келеді.
Қауіпті індеттің таралуының алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары аудандық мәдениет үйінің дыбыс зорайтқыш құралы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметтік автокөлігінің дыбыс зорайтқышы арқылы күнделікті жүргізілуде.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге 3 дүкен иелеріне карантиндік тәртіпті бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425 бабына сәйкес айыппұл салынды.
Мобильді топтардың жұмысы күнделікті үздіксіз жүргізілуде. Тұрғындарға күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық нормаларды сақтап, айтылған заңдылықтарға бағыну міндетті екенін назарларыңызға саламыз. Жеке бастың қауіпсіздігін сақтап, жақындарыңызға жанашырлық танытудың маңызды екенін ұғынып, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңізге күнделікті жауапкершілік таныту қажет.