А.ШАМЕНОВ: ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТА БІР СӘТ ТЕ БОСАҢСУҒА БОЛМАЙДЫ

Жедел штабтың отырысында елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен карантин режимі әлі де сақталғанын, төтенше жағдай режимі аяқталғанымен вирусты жұқтырушылар саны елімізде екі есеге артқандығы айтылды. Бұның бірден-бір себебі кейбір азаматтардың жауапсыздық танытып, бетперде тақпай, әлеуметтік қашықтықты сақтамауы. Елімізде вирус жұқтырушылардың саны 8000-нан асса да кейбір тұрғындар арасында сенімсіздік бар. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар әлі де күшейтілуі керек.
Жергілікті кәсіпкерлер режимді бұзу неге апарып соқтыратынын ескеру керек. Егер кәсіптік нысандарда күшейтілген санитариялық дезинфекциялық режимді сақтамай, нысандар бекітілген уақытта жабылмаса, қайтадан карантин режимі күшейтіліп, кәсіптік нысандар жабылатын болады.