» » » «...Тәртіпке бағынған құл болмайды»

«...Тәртіпке бағынған құл болмайды»


Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі ағайын, өздеріңізге белгілі бүкіл елімізде қиын жағдай қалыптасып отыр. Дүниені дүрбелеңге салған індет еліміздің барлық өңірлерінен, аймақтарынан шығып, науқас жұқтырғандар саны күн санап өсуде.
Қызылорда облысында қатерлі індетті жұқтырғандар саны жүздің үстіне шықты. Байыбына барып ойлансақ, індеттің былайша тез таралуы біздің өз тағдырымызға немқұрайлы қарауымыздан, кейбір азаматтарымыздың өзінің өміріне қоймай айналасына да жауапсыздығымен қауіп төндіруде. Сайып келгенде қазақы бейғамдығымыздан болып отыр.
Енгізілген төтенше жағдай талаптарын толыққанды орындамай, «Үйде бол» деген үндеуге құлақ аспай, сақтық шараларын орындамай қазақы бейғамдықпен адамдар көшеде әлі кездеседі.
Аудан бойынша 9 жерге кедергі бекеті қойылды, онда тиісті қызметкерлер тәулік бойы ауысымда тұр. Облыс бойынша індеттен аман бір ғана аудан қалды, ол біздің Жалағаш ауданы. Бұл қатерлі індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен полиция бөлімі қызметкерлерінің, тағы басқа тиісті азаматтардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Алайда бізде жағдай осылай екен деп тоқмейілсуге болмайды. Қатерлі індеттің таралуы өте жеңіл, оңай, ең бастысы бұл адамдармен қатынас арқылы тарайды. Сондықтан аудан тұрғындары ешқайда шықпай, өз отбасымен үйінде болу керек.
Әрбір азамат төтенше жағдай талаптарын орындауға тиіс. Елдің елдігі, бірлігі осындай қиын да қысылтаяң шақта көрінетіні белгілі. Құрметті аудан тұрғындары, сайып келгенде әркім өз әулетінің, өз бауырларының амандығын ойлауы керек. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының, «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деп айтқанындай елде жарияланған карантин, шектеу тәртібіне, мойынұсынбау, талаптарды орындамау, құлақ аспау – біздің мәдениетіміздің деңгейін де көрсетеді.
Біз бұл індетті үйден шықпай, қойылып отырған талаптарды орындаумен ғана жеңе аламыз. Сондай-ақ елдің амандығы үшін облыстың басқа өңірлеріндегі ағайын-туыс, құда-жекжаттармен де туысқандық қарым-қатынасты уақытша тоқтатып, байланыс желілері арқылы ғана амандығын біліп отырған жөн.
Баршаңызды бірлікке, төтенше жағдай талаптарын орындауға шақырамын. Қандай қиын кезде де бірліктен танбаған жалағаштықтар бұл қатерлі індетті де жұмылған жұдырықтай бірліктің күшімен жеңетініне сенемін.

Құрметпен,
Жалағаш ауданының әкімі А.Шаменов

16 сәуір 2020 ж. 637 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930