Ұлы Жеңістің 75 жылдығына тартуымыз осы ма?
Ауданға қарасты шалғайда орналасқан Жаңадария деген елді мекен бар. Аядай ғана ауыл халқының көбі егін шаруашылығымен айналысады. Соңғы бір-екі жылда ауылдың айтарлықтай дамығаны көзге көрініп тұрмаса да біршама жұмыс жасалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын ауылға кіреберіс көше жарықтандырылса, соның ізімен жақында бір көшеге жарық орнатылды. Ауыз су мәселесі де шешімін тапты. Жаңадан мешіт бой көтеруде. Дегенмен әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе де жоқ емес. Қысқасы, елді мекенге атбасын бұра қалсаңыз, «әттеген-айсыз» ауылдан шықпайсыз. Тарқатайық...
Осыдан бірнеше жыл бұрын ауылдың орталығына балаларға арналған ойын алаңы салынды. Ойын алаңы болғанда, тек футбол ойнауға, доп қуалауға арналған шағын алаң. Ауыл балаларының қуанышын еселеген бұл жұмыс тұрғындардың да көңілінен шыққан еді. Балалар мектептен соң үйіне асығып қайтып, ас-ауқатын ішер-ішпестен осы алаңға жиналатын. Қара домалақтардың басын қосатын ойын алаңы түстен кейінгі төрт-бестен бастап азан-қазан күйге енетін еді. Балаларының қуанышын көрген, шаттанып күліп-ойнағанына куә болған ата-аналар да ойын алаңының салынғанына ризашылығын білдірген болатын. Өкініштісі, бүлдіршіндердің қуанышы көпке ұзамады. Жап-жасыл төсеніш төселіп тұратын алаң бүгінде топырағы аспанға көтеріліп жатыр. Орындықтары да қирап, тіпті саны азайып кеткен. Кешқұрым уақытта алаңға жиналған ауыл балаларын көріп, еріксіз көңіліңіз түседі. Амалсыздан алаңға жиналып, шаң-топырақтың арасында доп қуалайды. Біздің қолымызға қалам алдырған да осы – балалардың денсаулығы. Шаң-тозаңды сағаттап жұтқан жасөспірімдердің болашағына, денсаулығына алаңдап отырған ешкімнің болмағаны. Оның үстіне дәл қазіргі әлемдік пандемияның өршіген кезеңінде – бұл өте қауіпті көрініс. Медицина мамандары ашық алаң түгілі күнде тазаланып отырған бөлменің өзін сәт сайын желдетіп, шаң-тозаңнан тазартуды, санитарлық-тазалық нормаларын қатаң сақтауды айтып, дабыл қағуда. Ал сіз ойлап көріңіз, май топырақтың арасында алаңсыз жүгірген балалардың ағзасына қаншалықты инфекция кетіп жатқанын. Ауа арқылы да, мұрын, ауыз қуысы арқылы да шаңды жұтуда. Ата-аналары, әрине, балаларының қауіпсіз жерде ойнап жүрмегенін біледі. Бірақ ойын баласын үйде ұстап отыру мүмкін еместігі тағы бар. Үш-төрт жасар бүлдіршіннен бастап, жасөспірімдерге дейін алаңнан табылады. Сәт сайын қолды жуу, тазалықты сақтау керектігін біле тұра, еліміздің болашағы балаларға осындай індет жайлаған жағдайда, шаң-тозаңды жұтқызып қарап отырғанымыз атымызға сын емес пе?! Әлде әлемнің басқа дамыған елу елінің қатарындағы мемлекеттерінде де осындай мәселе бар ма екен?
Аядай ғана ауылдағы көзге шалынған мәселе жалғыз бұл емес. Дәл осы алаңның қасында «Ер есімі ел есінде» аллеясы орналасқан. Бірер жылдың көлемінде ғана салынған орынның ішінде еркін айналып жүре алмайсыз, тым шағын. Негізі, айтайын дегеніміз бұл емес. Бізге осындай бейбіт күнді тарту еткен, жеңісті жақындатуға үлес қосқан, жүрегі елім деп соққан азаматтардың есімдері жазылған тақтаның, алаңның бүгінгі кейпі көңіл көншітерлік болмай тұр. Ауылдың қақ ортасында орналасса да қараусыз қалған ескі ғимараттар секілді. Табанына төселген тас төсеніші қираған, есігі күндіз-түні айқара ашық. Жақында ғана жоғарыда тұратын жұлдыз белгісі жерде, табан астында жатқан жерінен жоғары көтеріп, аяқасты болмайтындай етіп қойғанбыз. Бірақ бұл да ешкімнің назарына түсе қоймады. Бүгінгі күні жұлдыз белгісі орнында жоқ. Тиісті орынды бұл мәселемен хабардар еттік, нәтижесінде ол жұлдыз белгісінің аяқасты жатуға болмайтынын білетін ауыл тұрғыны алып қойған екен. Біз мәселені көтергенімізде жауапты мекеме бұл алаңды алдағы уақытта жөнге келтіретінін айтты.
Жалпы осы мақаланы жазарда біреуді даттауды немесе көпке топырақ шашуды мақсат етпедік. Біздікі туған ауылға жанашырлық, түсінгенге. Бұл алаң Ұлы Жеңістің 75 жылдық дүбірлі мерекесінде жөнделмегенде қай кезде ретке келтірілмек? Бүгінгі сыйқы осындай болса, кейін қалай болады? Ұлы Жеңістің 75 жылдығына тартуымыз осы ма? Көкейде сайрап тұрған осы секілді «әттеген-айымыз» игі іске бастамашы болса нұр-үстіне нұр болар еді...
Сырт көз сыншы деген. Ауылға келген кез келген мейман «Өзі тұратын өлкенің өркендеуіне кішкентай болса да үлес қоса алатын азаматтардың жоқ болғаны ма?» демей ме?. Негізі қолдан келсе, жақсылықтың бастамашысы бола білген дұрыс. Шағын ғана ойын алаңы мен аллеяның жөнделуіне көп шығын кетпейді, әп сәтте қалпына келтіруге болады. Бастысы, қауіпсіздік жағы қамтамасыз етілсе. Сырланып, тазаланып, жасыл төсеніш төселсе болғаны.
«Ауылына қарап, азаматын таны» деген сөз бар. Ауыл көркейсе, аудан да көркейеді. Ауылдың ахуалы бәрімізді алаңдатуы тиіс. Өйткені ауылдық жерлердегі ахуал жақсарса, тұрғындардың да әл-ауқаты жоғарылайды. Біздің айтпағымыз да осы.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ