2,5 АЙ ОҚШАУЛАНЫП, ЖҰМЫС ЖАСАҒАН
Екі жарым ай коронавируспен күресте отбасына бара алмай оқшауланып жұмыс жасаған Кәнтай Орынбасар бүгінде әріптестерімен жұмыла атқарған істің оң нәтижеге көз жеткізгеніне қуанады. Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулаумен айналысқан мобильдік топ мүшелеріне отбасына баруға да тыйым салынды. Себебі олардың ішінде індет жұқтырғандар болса, байланыста болған дәрігерге һәм оның отбасына да қауіп төнер еді. Жауапкершілікпен, төзіммен іс қылған Кәнтай Ғалымжанұлы бүгінде індетті ауыздықтауға бағытталған жұмыстардың жеңілдегенін айтады.
– Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап барлық елді мекенге кіре беріс жолдарда блок бекеттер жұмыс жасады. Егер ол аймаққа індет кең таралған өңірлерден қонақтар не жұмыскерлер келсе, ондағы мамандар бізге хабар береді. Әрі қарай олармен біз жұмыс жасаймыз. Мобильдік топ құрамында 1 дәрігер мен 2 фелдьшер болдық. Бізге 3 жедел жәрдем көлігі берілді. Күн демей, түн демей жұмыс жасауға тура келді. Себебі тұрғындардың қауіпсіздігі біздің сапалы жұмысымызға байланысты еді. Барлығымыз 2,5 айдай отбасымызды көрген жоқпыз. Қанша дегенмен әлі әлемде емі табыла қоймаған індет қой. Сондықтан іште үрей болмайды емес, болады. Алайда соны білдірмеуге тырысамыз. Алғашқы індет жұқтырған науқас тіркелген күннен бастап біздің жұмысымыз да күрделене түсті. Арнайы науқастармен байланыста болғандарды оқшаулауға арналған нысанға оларды жеткізу – біздің міндетіміз. Қиыншылықтар болды, бірақ қазір ол күндердің бәрі артта қалды. Отбасыңды сағынасың, мамыражай күннің қадірін түсінесің. Қазір жұмысымыз жеңілдеді. Себебі індеттің беті бүгінде қайта бастады, – дейді аудандық емхананың фелдьшері.
Иә, расында 60 күннен астам отбасын көрмей жұмыс жасау кімге болса да оңай соқпайтыны анық. Десе де артылған міндет пен мемлекет бекіткен тәртіпке бағыну – ортақ парыз. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаудың жөн іс екенін әсіресе медицина саласының мамандары жақсы біледі. Әрбір блок бекеттен келген хабарға байланысты ондағы адамдарды оқшаулау Кәнтай Жақсылықұлы құрамында болған мобильдік топтың міндеті екен. Кент орталығындағы №246 орта мектеп ішінен ашылған арнайы оқшаулау бөлмесіне бір күнде бірнеше адамды тасымалдаған күндер де болыпты. Қазір ол қауырт жұмыстың беті қайтқан.
Салада 5 жылдан астам тәжірибесі бар жас маман қашанда халықтың қауіпсіздігі үшін мемлекет артқан сенім үдесінен шығуға жұмыс жасайтынын айтады. Осыған дейін де көптеген науқастың дертіне шипа тауып, алғысқа бөленген ол қиын күндердегі әріптестерінің еңбегін жоғары бағалайды.
– Күндіз-түні тынымсыз еңбек еткен әріптестерімнің ерен еңбегі көз алдымда. Дертінен айыққан науқастарды көріп қуанады екенсің. Аллаға шүкір, бізде бұл індеттің құрбанына айналған науқас тіркелген жоқ. Мұның бәрі сапалы еңбектің жемісі деп білемін. Ауданда алғаш аталған инфекцияны жұқтырған науқас тіркелген бойда дәрігерлер онымен күресуге көптеп жұмылдырылды. Біліктілік пен жауапкершілік ұштасқан жерде сапа боларына менің көзім жетті. Қазір ол күндер артта қалды. Дертке шалдыққандардан індеттен айыққандар қатары артып жатыр. Бұл – мемлекетіміз үшін қуанышты жағдай. Алдағы уақытта мұндай қиын күндер болмасын. Қазақ тарихқа бойласаң, небір зұлмат жылдарды бастан өткерген ғой. Бірақ соның бәріне мойымай еңсеруге бірлігіміз сеп болған сыңайлы. Кешегі індетті де ауыздықтауға ауызбіршілігіміз, жұмыла табанды іс қылуымыз басты себеп болды деп толық айта аламын. Тұрғындар да қолынан келген көмегін аяп жатқан жоқ. Мәдениеттегі орталыққа көрші ауылдар көптеп қаржылай және дәрі-дәрмекпен қолғабыс етіп жатқандарды да естіп жатырмын. Оларға Алла разы болсын. Осындай бірлікті ту еткен халық барда біз мұны да толық еңсереміз, – дейді маман.
Қазақ зиялысы Әлейхан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді. Білімі мен мінезі ұштасқан осындай жастар барда біз де ел болашағының жарқын боларына сенеміз. Жиған ілімді һәм тәжірибені халықтың кәдесіне жаратқанға не жетсін.
К.БАЛҒАБАЙ