ЕЛІМІЗ ӨРКЕНДЕСІН ДЕСЕК...
Қазақстан тәуелсіздік алып, өз алдына егемен ел болғалы сыбайлас жемқорлықпен күресуді өзінің негізгі міндеттерінің біріне айналдырды. Олай болуы да заңдылық. Себебі Мәңгілік Ел болуды мұрат еткен мемлекеттің өз алдына қойған мақсаты да айқын болуы тиіс.
Сол жылдардан бері елде қоғам дертінің күшін жою мақсатында нендей шаруалар жүзеге асты? Бұл сауалдың жауабын тарқатар болсақ, оның жолын кесуде атқарылған шаралар мен түрлі жиындардың жемісін айналып кете алмаймыз. Қазір жер-жерлерде сыбайлас жемқорлықтың тек жеке адамға ғана келер зардабы емес, ол орын алған қоғамның даму динамикасында өсім болмайтыны жиі айтылып жүр. Ол рас нәрсе. Себебі сыбайлас жемқорлық тамырын жайған аймақтың бірінші кезекете экономикасында тұралау қалыптасады.
Біздің басқармада да басшымыздың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға қатысты жиындар өтіп тұрады. Осындай мағыналы шаралар елге қызмет ететін жастарды қалыптастыруда таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз. Себебі ол жиындардың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген адамған зиян тигізбесе, пайда әкелмейтінін түсіндіру.
Әсіресе бұл індеттен мемлекеттік қызметкерлер аулақ болуы тиіс. Сонда ғана еліміз алға басып, дамыған елдердің қатарынан табылуға Қазақстанға мол мүмкіндіктер ашылады. Мемлекетіміз өркендеп, экономикамыз қарыштап дамысын десек, әрбір отандас қоғам дертімен күресуді өзінің азаматтық парызына айналдыруы тиіс.

Ғазиз АРУНОВ,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы