» » Интернеті жоқ елді мекендердің оқушылары мектепке баратын болды

Интернеті жоқ елді мекендердің оқушылары мектепке баратын болды

Интернетке қосылмаған ауылдарда тұратын оқушылар мектепке барады. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"250-ден аз адам тұратын елді мекендерде интернетті қалай қамтамасыз ету керек деген сұрақ туындады. Біздің департамент, ұлттық экономика министрлігі және облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып шешім қабылдады. Бүгінгі күнге дейін 243 елді мекен таңдалды. Ол ауылдарға 2023 жылы интернетке кеңжолақты қосылу желілері салынады", - деді Ярошенко ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, ол интернеті жоқ ауылдардың оқушылары қашықтан оқымайтынын айтты.
"Біз бірнеше рет мектеп оқушыларының ғаламтормен қамтамасыз етілуі, мектептердің интернетпен қамтамасыз етілуі мәселелерін талқыладық. Біздің министрлік білім министрлігімен жұмыс жасады. Нәтижесінде оқушылар әдеттегідей мектепке барып оқитын болды", - деп қосты ол.

26 тамыз 2020 ж. 249 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930