» » Қазақстанда екі телеарна 9 сағат бойы оқушыларға қашықтан білім беретін болады

Қазақстанда екі телеарна 9 сағат бойы оқушыларға қашықтан білім беретін болады

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 2 млн 600 мың оқушы қашықтан оқитынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында елімізде 1 қыркүйекке дайындық жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі таңда қанша баланың онлайн, қанша баланың кезекші сыныпта оқитыны белгілі болған. 
"Тамыз айының соңына қарай деректерге сәйкес, жалпы оқушылардың 80%-ы (2,6 млн оқушы) қашықтан оқытылады. 15%-ы (ата-аналар өтініштері бойынша) кезекші сыныптарға барады.  Бұл деген 530 мың бала және 5%-ы дәстүрлі форматта оқитын болады. Шағын жинақты мектептерде оқитын балалар саны - 202 мың бала", - дейді Аймағамбетов.
Сөзінше, қазіргі таңда сегіз интернет платформа қашықтан оқуға негізделген.
"Әрине, қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағыт - интернет арқылы оқыту. Интернет арқылы оқыту бойынша бізде арнайы бірнеше интернет платформа бар. Жалпы, өткен оқу жылының 4-тоқсанында бізде екі негізгі 2 интернет платформа болса, осы уақытта оған тағы 6 интернет платформа қосылып, 8-ге жетті", -дейді министр.
Сонымен қатар, министр жаңа формат бойынша оқушылар қашықтан қалай оқитынын айтып берді.
"Қашықтан оқытудлың екі бағыты бар. Ол арнайы платформа арқылы. Қазіргі таңда интернет платформалар толықтырылып жатыр. Екінші жолы дәстүрлі телеарналар арқылы білім берілетін болады. Күніне тоғыз сағат бойы телеарналар қызмет көрсетеді. Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқығанымен, өзіндік талаптары болады", - дейді Аймағамбетов. 

27 тамыз 2020 ж. 445 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930