ЕРТЕҢГЕ СЕНІММЕН ҚАРАУ КЕРЕК
Елдің болашақ бағыт-бағдарын айқындап, келешектің кемел болуының алғышартын ойластырып, келер күннің тірлігін күні бүгіннен жүзеге асыруды жоспарлаған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуымыздың негізгі баспалдағы.
Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты мақсаттарға, айқын мұраттарға негізделіп жасалды. Саяси құжат өзіндік нақты мақсаттан, жарқын болашаққа бағытталған ойлы мәселелері және бір мүддеге тоғысқан терең түсініктен тұрады. Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің ертеңі үшін өзекті, ойлы шешімдер қабылдап, халықты қуатты сөзімен қанаттандырды.
Дәл қазіргі пандемия кезінде денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету игі іс деп есептеймін. Жолдауда ел Президенті отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керектігін, барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтетінін хабарлады. Сонымен бірге ел Президенті Жолдауда «Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылатынын», – атап өтті. Елбасының сөзінше, бұл орталықтар еліміздің беткеұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді деп күтілуде.
Жалпы Жолдауда айтылған өзгерістер мен көтерілген мәселелерге ден қоятын болсақ, барлығы да сайып келгенде халықтың әл-ауқатын, мемлекеттің дамуын көздейтіні белгілі. Әсіресе, медицинадағы бұл өзгеріс сала қызметінің сапасын арттыруға сеп болмақ.

Гүлсім КАЮПОВА,
аудандық аурухана бас дәрігерінің пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі жөніндегі орынбасары