АТҚА МІНГІЗУ
Қазақ тұрмысында балаға қатысты салт-дәстүр баршылық. Олар шарана дүниеге келгеннен жасалатын шілдеханадан бастап жалғаса береді. Бала өмірінде маңызды орын алатын дәстүр – ашамайға мінгізу. Бұл – ер баланың сәбилік шақтан балалық шаққа өтуін айғақтайтын рәсім.
Қазақта ер бала үш-төрт жастан асқаннан бастап атқа мінуге баулу үшін ашамайға отырғыза бастайды. Бұл жердегі ашамай – атқа баланы үйрету үшін арнайы жасалған ердің қарапайым түрі. Ашамайдың да ер сияқты екі жағы, екі қапталы және оқпаны болады. Ал үзеңгінің орнына текпіншек орналастырылады. Бұл – киізден тігілген шағын ғана қоржын іспетті. Баланы атқа алғаш отырғызарда бас киіміне, шапанына үкі тағылады. Мұндағысы «тіл-көз, бәле-жаладан аман болсын» дегені. Баланың мінетін атына да үлкен мән беріледі. Қауіпсіздік үшін мұндайда жуас, бірақ жүрісі жақсы және сырт келбеті келісті жылқы таңдалған. Аттың жас шамасы да баланың жасымен шамалас құнан немесе дөнен болуы керек.
Осы тұста айта кету керек, «бәсіреге» берілген аты мініске жарап тұрса, онда баланы соған мінгізуге де болады. Ерекше дәстүрді орындау кім-кімге болса да бұйыра бермейді. Баланы ашамайға отырғызу шабандоз жігіттердің еншісіне тиеді. Ол жігіт баланы атқа жақсылап отырғызып, аяғын текпіншекке салып, жан-жағын ер батпайтындай етіп көпшікпен қоршап бекітеді. Содан соң жиылған жұртшылық ішіндегі ең үлкені, ақсақалы дауыстап бата береді. Баланың оң қолына қамшы, сол қолына тізгінді беріп, әлгі шабандоз жігіт жетектеп жүріп ауыл-аймақты аралап шығады. Баланы атқа мінгізген күні арнайы атқа мінгізу тойы жасалады. Ақ жаулықты аналар жағы тілеулестігін білдіріп, шашу шашып, бір-біріне жаулықтарын жапса, ақсақалдар қауымы батасын беріп, ақ тілегін арнайды. Сол күні баланың шаңырағында мал сойылып, қазан асылып, қонақ шақырылады.
Жалпы атқа мінгізу дәстүрі баланың буыны бекіп, төрт-бес жасқа келгенде немесе ат үстінде өзін ұстай алатын шағында жасалады. Себебі халқымыз ертеден ер баланы жауынгер етіп тәрбиелеу, еңбекке баулу мақсатын көздеген. Балаларға арналып алдын ала ат дайындап, ер-тұрман әзірлейтіні де сондықтан болса керек. Осындай рәсімнен кейін көп ұзамай ашамайды тастап, ер-тоқымға мінеді. Баланы ашамайға мінгізу оның атқа отыра білу, қолғанат болу, мықты, табанды, ержүрек болып өсуіне септігін тигізетін дәстүр деуге болады.

Нұр НАУАН