ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

Мақалада жазылған атқа міну мәдениетінде жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды делінген. Сондай-ақ, еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгені жөніңде де айтылған. Расымен де, Елбасы айтқандай Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
Соның бір дәделі әлі күнге дейін автокөлік қозғалтқыштарының қуаты аттың күшімен өлшенетіндігі. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі болса керек.
Жалпы айтқанда бұл мақаланың бүгінгі ұрпаққа берері көп. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жаңғыртуға, ұлан байтақ қазақ жеріндегі тарихи өлкелер мен ұлы даланы танып-білуге үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.
Мәселен, бұған дейін жарияланған «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асты, тарихи тұлғалардың есімдері ұлықталды. Міне, бұл да ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Б.Өмірзақов,
ардагер.