ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕСЕ, ОҢ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТЕДІ

Жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін алдымен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілеріне, жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау қажет. Сондай-ақ мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институты да қолдау табады. Бұл тұрғыда құқықтық негіз қалыптастыру қазақстанның басты мақсатына айналуы тиіс.
Ел Президенті Жолдауда мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды міндеттеді. Ал Парламент қарауындағы тиісті заң жобасы жыл аяғына дейін қабылданады. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізу де назардан тыс қалмады. Бұған дейін де қоғам дертінің алдын алуда көптеген іс тындырған Қазақстан алдағы уақыттары да оны түбегейлі жоюға көп тер төгері сөзсіз. Бастысы, нәтиже керек.
Нұрлан Ағаділов,
аудандық полиция бөлімінің бастығы,
полиция подполковнигі