» » "ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУДІ КӨБЕЙТУ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰТЫМДЫ ЖОЛЫ

"ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУДІ КӨБЕЙТУ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰТЫМДЫ ЖОЛЫ

Қазіргі таңда Мемлекет тарапынан кәсіп бастаушыларға қолдау көп. Әсіресе, ауылдағы ағайындарға. Мұндай мол мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалғысы келетіндерге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жол сілтейді. Оларды оқытады, кәсіпке бейімдейді, қажет болса құжаттарды да тегін рәсімдеп береді. Бұрын ауылда жұмыссыз жүрген кейбір жерлестеріміз қазір мал ұстап, төрт түліктің басын көбейтуге кірісті. Сонымен, кәсіпті қалай бастауға болады? Осы және басқа да сауалдарымызға облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Самат Карипов жауап берген еді.

– Самат Серікұлы, күн санап кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Осы тұрғыда, кәсіпкерлерге, кәсіп бастаушыларға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қандай қызмет көрсетеді?
– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті – кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік бағдарламаларға тікелей қатысу, кәсіпкерлік саласын зерттеу, дамыту, талдау және жоспарлау, әкімшілік кедергілердің алдын алу, анықтау, кәсіпкерлік субъектілері мен билік өкілдері және мемлекеттік органдар арасында еркін диалог құруды ұйымдастыру.
Яғни, кәсіпкерлерге, кәсібін жаңадан басайтын азаматтарға аудандық филиал тарапынан тегін кеңестер беріледі. Және де салықтық, бухгалтерлік есептерді тапсыруға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін түрлі оқу курстары мен семинар тренингтер өткізіледі.
Аудандық палата тарапынан барлық қызметтер ақысыз негізде жүргізіледі.
– Қазіргі кезде кәсіпкерлікті шағын несиемен қамтамасыз ету бағдарламалары аясында көптеген жобалар жүзеге асып келеді. Алдағы уақытта шағын несиемен қамтамасыз етуді қазіргіден де жеңілдетудің жолдары қарастырыла ма?– Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы «2018 жыл – жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялаған болатын. Биылғы жылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 32 млрд теңге қаржы бөлініп отыр.
Өзіңіз білетіндей, 2014 жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС құрылған болатын. Бұл мекемені құрудың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің несиеге деген қол жетімдігін арттыру. Биылғы жылға дейін осы мекеме несиені 10 пайызбен беріп келсе, осы жылдан бастап несиелеу пайызы 6 пайыз болып отыр. Және де екінші деңгейлі банктер кепілдік мүліктің 40-50 пайызына несие берсе, бұл мекеме 60-70 пайызына дейін береді.
Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы да ауылдық жерлердегі тұрғындарға кәсіп бастауға 6 пайызбен несие беріп келеді.
– Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға қатысты қандай оқу-курстары бар және оған кімдер қатыса алады? – Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға қатысты көптеген оқу-курстары өткізіледі. Мәселен, «Бизнес-Кеңесші» 2 күндік семинар тренингі, 120 сағаттық «Бастау Бизнес» оқу курсы.
"Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, 2018 жылдан бастап қала, оның ішінде кіші және шағын қала тұрғындары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады. Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.
– Жуырда палатада өткен «Бизнес кеңесші» оқу-курсына қанша кәсіпкер қатысты? Бұл курс алдағы уақытта да жалғаса ма?– Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Жалағаш аудандық филиалында 2018 жылдың 5-6 наурыз күндері «Бизнес Кеңесші» оқу курсы өткізілді. Оқу курсына кәсіпкерлікті бастауға ниетті 35 аудан тұрғыны қатысты. Бизнес тренер Мадина Қасымжанова 2 күн бойы қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізуге қатысты теориялық лекция оқып, қатысушылар практикалық тапсырмалар орындады.
Алдағы уақытта, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курстары жүргізілетін болады. Биылғы жылға бекітілген жоспар бойынша «Бизнес Кеңесші» курсына 40 адам және «Бастау Бизнес» курсына 170 адамды оқыту көзделген.
– Қазіргі таңда кәсіп бастауға ниетті азаматтар көп. Бірақ, олар кәсіпті неден бастау керектігін білмейді. Осындай жағдайда олар не істеу керек?– Кәсіп бастауға ниетті азаматтар біздің палатаға келіп қызметкерлерден кеңес алуға болады. Және де жоғарыда аталған оқу курсына қатысып кәсіпті бастау, оны жүргізу жөнінде толықтай ақпарат ала алды. Оқу курсына қатысуға ниетті аудан тұрғындары кент және ауылдық округі әкімдігіне, аудандық жұмыспен қамту орталығына және палатаға келіп тізілуге болады. Біздің мекен-жайымыз Жалағаш кенті, Сәрке батыр көшесі №7 үй, жұмыс телефоны – 87243179199.
– Тағы бір мәселе, кейбір азаматтар түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алып, төрт түліктің басын көбейткісі келеді. Десе де, олардың кепілге қоятын ешқандай мүлігі жоқ. Осы азаматтарға қолдау бар ма?– Әрине, бұл азаматтарға мемлекеттік қолдаулар бар. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруді – "ҚазАгроКепіл" АҚ, қалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады. Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік ақысыз негізде ұсынылады. Кепілдіктердің мөлшері бірінші ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кредит/микрокредит сомасынан 85%-дан, екінші жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін кредит/микрокредит сомасынан 50%-дан аспайды. Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.
– Сауалдарға жауап бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан


Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

13 наурыз 2018 ж. 1 819 4

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 10:14
Buy 125 Mcg Levothyroxine Without Rx Buy Generic Prevacid Online Provera Without Dr Approval Best Website Shop cialis without prescription Indie Propecia

Гость Jeaplause от 3 наурыз 2019 16:14
Viagra En Pharmacie Tunisie Cerco Levitra cialis online Cialis et insuffisance cardiaque Purchase Online

Stevnoix от 8 мамыр 2019 08:52
discount generic accutane Cipro Recall best site to buy levitra Viagra For Sale In Usa Stores

vszpThuct от 16 маусым 2020 17:00
cialis buy cialis cialis online buy cialis buy cialis

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 681

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031