» » Кәсіпкерлерге кедергі азаяды

Кәсіпкерлерге кедергі азаяды


Өңірлік коммуникациялар қызметінде “Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы” КММ-ның директоры  Қамар Бекетованың қатысуымен интернет конференция өтті. Онда орталықтың атқаратын қызметі турасында сөз айтылды.

“Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы” КММ 2017 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің бастамасымен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан ашылған. Бүгінде кәсіпкерлерге 40-тан аса қызмет түрін ақысыз негізде көрсетеді. Оның ішінде жер мәселесі бойынша –  9, сәулет және құрылыс саласы бойынша – 11, мемлекеттік кірістер бойынша – 7 қызмет түрі бар. Орталықтың басты мақсаты – кәсіпкер мен мемлекеттік мекеме арасындағы әкімшілік кедергілерді жою. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу.
 – Биыл «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы” болып жарияланғаны белгілі. Осыған  сәйкес, біздің орталық “бір терезе қағидаты” аясында қызмет көрсетеді. Яғни, кәсіпкерлерге рұқсат қағаздарын алуға кеңес береді және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвесторлар тартуға, аймақтағы кәсіпкерлер санын арттыруға, олардың жобаларына қолдау жасап, өңірлік және мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес беруге ықпал етеміз. Сонымен қатар қазір инженерлік коммуникацияларға қосылуға техникалық шарттардың рұқсат құжаттарын алудың электронды механизмін енгізу үшін “Геоақпараттық жүйе” бағдарламасы әзірленді. Осы сәтте орталықта техникалық шарттарды алу үшін электронды түрде өтініштер қабылдануда, – дейді орталық басшысы Қ.Бекетова.
Айта кету керек, мұндай қызмет түрлері аудандарда да жүзеге асуда. Өткен жылдан бас­тап осы уақыт аралығына дейін кәсіпкерлік субъектілеріне барлығы 2874 қызмет көрсетілген. Атап айтқанда, жер мәселесі бойынша – 819, техникалық шарттар алу – 596, жобаларды сүйемелдеу – 844, сәулет және қала құрылысы мәселелері аясында – 529, мемлекеттік кірістерге байланысты – 86 қызмет.
 Мұнан өзге орталық облыстағы екінші деңгейлі банктермен де байланыс орнатқан. Енді кәсіпкерлер жылжымайтын кепіл мүліктерінің құжаттарын заңдастыру үшін орталық қызметіне жүгініп, несие қаражаттарын қысқа мерзімде ала алады. Ең бастысы, бұл жерде кәсіп ашамын деушілерге тегін түрде эскиздік жоба да жасап беруге көмек береді.
Жалпы, орталықтың жұмысын қорытын­дылаған шарада желі арқылы бірқатар сұрақтар жолданып, нақты жауаптар алынды.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.
26 ақпан 2018 ж. 901 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930