» » Назарбаев Тоқаевтың не үшін Қазақстан президенті болғанын айтты

Назарбаев Тоқаевтың не үшін Қазақстан президенті болғанын айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы лауазымына ұсынылуына себеп болған қасиеттерін тізіп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Тәуелсіз Қазақстандағы жұмысының алғашқы күнінен бастап Тоқаев жоғары азаматтық пен адал қызметтің үлгісін көрсетті, деп атап өтті елбасы.

"Мен оның тәжірибесін ескердім. Бұл оның өз елін де, сыртқы әлемін де білуі, Шығыс пен Батыстың тілдері мен мәдениеттерін білуі, Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары лауазымындағы жұмысы және, әрине, елдің мүдделерін қорғау және Қазақстанның жаһандық саяси үдерісте позициялау ісіндегі дипломатиялық еңбегі", - деді Назарбаев қазақ ақыны және қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абайдың рухани өсиеті" атты мақаласында.

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ұлттық бірлік мұраттары мен жалпыадамзаттық құндылықтарға адалдық арасындағы" үйлесімді тепе-теңдікті табу қабілетіне сенгенін атап өтті.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы өкілеттігін 2019 жылғы 19 наурызда тоқтатты. Келесі күні сенаттың бұрынғы спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, ел президенті қызметіне кірісті. Өткен жылдың маусым айында Тоқаев сайлауда жеңіске жетті, оны сайлаушылардың 70,96%-ы қолдады.

Қазіргі таңда Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Қауіпсіздік Кеңесінің, Nur Otan партиясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметтерін атқарады.

stan.kz
07 қазан 2020 ж. 231 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031