» » Алматы облысында 7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды

Алматы облысында 7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды

Видеодан алынған кадр



Алматы облысында 7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс аумағында ірі мөлшерде этил спиртін өткізу мақсатында рұқсат құжаттарсыз сақтау дерегін анықтады.

"Осылайша тексеріс барысында спиртті сақтайтын және сататын цех табылды. Спирттің ерекше исі бар түссіз сұйықтықпен толтырылған көлемі 1000 литр 6 ыдыс, сондай-ақ, көлемі 5 литр 141 бөтелке, 5 қап қақпақ, құюға арналған құрылғылар тәркіленді. Аталған дерек бойынша тергеу ісі қозғалды", - делінген хабарламада.


kaz.tengrinews.kz

09 қазан 2020 ж. 341 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 033

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30