» » Мектеп бухгалтері 24 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Мектеп бухгалтері 24 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Атырау облысындағы мектеп бухгалтері 24 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген 24 млн теңгеден астам сома көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Айыпты тұлға заңға қайшы әрекеттерін жасауда қызмектің бабын пайдаланған Жылыой ауданының №22 орта мектебінің бас бухгалтері» - делінген хабарламада.
Жылыой аудандық сотының үкімімен бас бухгалтер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
17 сәуір 2020 ж. 468 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31