» » 16 миллион теңгені жымқырған ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

16 миллион теңгені жымқырған ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

ақша

ҚТЖ Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлық қарсы комитеттің баспасөз-қызметі мәлімдеді. 
 "Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін «Жамбыл магистральды желісінің бөлімі» – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т. С. Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген. Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрысының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде – жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді",- делінген баспасөз-хабарламасында. 
Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.
2019 жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының үкімімен Т. С. Қыдырбаев кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

stan.kz

30 желтоқсан 2019 ж. 503 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30