» » ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында өткен республикалық «Көк тудың желбірегені...» атты балалар шығармашылығы байқауына Жалағаш аудандық балалар әуез мектебі домбыра класының оқушылары қатысып, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленді.
Жас домбырашылар сирек орындалатын тарихи күйлерді тартып, екі күн бойы сайысты. Оларға профессор, күйші-композитор қазылық жасап, әр жастың өнерін жоғары бағалауға тырысты. Ауданнан барған Қайрақ Еңлік (жетекшісі Ақтолқын Шампикова) ІІ орынды жеңіп алды. Сонымен бірге, Ақниет Төремұрат (жетекшісі Айна Оспанова), Ерсұлтан Бекет (жетекшісі Тұрсынкүл Калменова), Мадина Жайшылық (жетекшісі Гүлзира Сарбалова) ІІІ орынды иеленді. Жерлестеріміздің өнерін жоғары бағалаған ұйымдастырушылар арнайы Кубок табыстап, Дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ, сахна төрінде күй күмбірлетіп, талантымен қазыларды тамсандырған Нұркелді Құдасов, Перизат Мешітбай, Балнұр Құрақбай, Ақмоншақ Жамбылқызы мен Аңсаған Ділдәбекқызы «Дипломант» атанып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Аудандық әуез мектебіндегі домбыра үйірмесінде барлығы 32 бала дәріс алады екен. Мұндағы жас өнерпаздар түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Мұнан басқа, бұл мектепте жастарды өнерге, шығармашылыққа баулитын түрлі үйірмелер жұмыс жасайды және олардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Онда тәжірибелі мамандар, жоғарғы білімді ұстаздар дәріс беруде.


13 наурыз 2018 ж. 1 447 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930