Қазақстанда жол талғамайтын белгілі автомобиль өндірісі басталды
7 модельден тұратын Chevrolet автокөліктер желісі Қазақстанда өткен көктемде пайда болып, бір жылдан аз уақыт ішінде сатылым көшбасшыларының үздік үштігіне кірді. Енді оларға аты аңызға айналған толық өлшемді жол талғамайтын Chevrolet Tahoe қосылды. Ол Қостанай қаласында өндіріледі.
Tahoe сатылымға шығуымен отандық автомобильдер жол талғамайтын көліктер арасындағы "премиум" сегментінде де бәсекеге түсе алады.
Автокөлік сәнді Premier жиынтығында ұсынылған және онда жайлылық пен қауіпсіздік үшін жақсы жағдай жасалған. Олардың қатарында Bose Centerpoint Surround Sound акустикалық жүйесі, сәнді перфорацияланған былғары, жоғары сапалы ағаштан жасалған салон бөліктері, орындықтардың 3-қатары, бейімделетін шасси, қауіпсіздіктің жетілдірілген нұсқалары және жүргізуші мен жолаушылар үшін ең жоғары жайлылық, мысалы: қозғалыс жолақтарын бақылау, автоматты тежеу, көрінбей аумақты бақылау, жарық диодты оптика және тағы басқалар.
Аңызға айналған жол талғамайтын көліктің екі ерекше жаңашылдығын атап өтуге болады:
Active Fuel Management - қажетті уақытта қозғалтқыштың жартысы сөніп қалады, ал 6 литрлік қозғалтқыш 3 литрлік қозғалтқышқа айналады, бұл жолсыз және қала жағдайында 100 шақырымға 14 литр жұмсауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жанармай шығыны мен атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы азаяды, сонымен қатар қозғалтқыштың ресурсы артып, бензин сапасын талғамайды, бұл біздің өңірлерде өте маңызды.
Magnetic Ride Control - бұл Chevrolet-тің басқа брендтерде кездеспейтін эксклюзив тағы бір технологиясы. Жүйенің сезбектері жолдың жабындысын бақылайды және тіректерді жолдағы жағдайға дереу бейімдейді.
Жаңа қазақстандық арманның құны 31 миллион теңгеден сәл төмен, бұл - сөзсіз Қазақстандағы премиум-автокөлік нарығында өте жақсы ұсыныс.
kaz.tengrinews.kz