» » Еліміздегі коронавирусқа қарсы вакцина жасайтын зауыт желтоқсан айында іске қосылады

Еліміздегі коронавирусқа қарсы вакцина жасайтын зауыт желтоқсан айында іске қосылады

Зауыт құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр.

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады деп үміттенетінін айтты, деп жазады zakon.kz.

- Зауыт құрылысы, негізінен, жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Біздің әріптестеріміз, Білім министрлігі осы мәселелермен айналысуда. Зауыттың іске қосылуы желтоқсан айына жоспарланған, сондықтан қазір жұмыс қарқынды жүруде. Ол уақытында орындалады деп сенеміз, - деді Цой.

Министр зауыттың Жамбыл облысында, Қордай ауданының Гвардейский қалалық типтегі поселкесінде салынып жатқанын түсіндірді.

Биофармацевтикалық вакцина зауытының құрылысы 2020 жылдың маусым айында басталды. Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қоса алғанда, өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес иммунобиологиялық препараттар шығаратын болады.


14 қазан 2020 ж. 214 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930