» » Қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы вакцинасы сынақтан өтуде

Қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы вакцинасы сынақтан өтуде

вакцина

Білім және ғылым министрлігінде қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай сыналып жатқандығын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз айының ортасынан бастап білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғалымдары вакцинны әзірлеу жұмыстарын бастады.
Алғашқы науқастардың материалдары Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқандардан алынды және осы институтқа жеткізілді. 
BSL-3 қорғау деңгейі бар зертханада биологиялық үлгілерден VERO жасуша культурасында SARS-CoV-2 қоздырғышы (коронавирус қоздырғышы) ретінде анықталған вирусты бөліп алып, оның биологиялық қасиеттерін зерттеді.
9 мамырда жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде БҚПҒЗ ғалымдары алғашқы вакцинаны ойлап тапты. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) оны өз сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған вакцина ретінде тіркеді.
Содан кейін вакцинаны зертханалық жануарларға клиникаға дейінгі сынап көру басталды: тышқандар, хомяктар, егеуқұйрықтар, қояндар және басқалары.
Соңғы сынақ нәтижелері ДДСҰ белгілеген барлық параметрлер бойынша, атап айтқанда: уыттылық, пирогенділік, аллергенділік, иммуногендік, вакцина ДДСҰ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясының талаптарына сәйкес келетінін көрсетті.
Сонымен қатар, БҚПҒЗИ вакцинаны приматтарда сынап жатыр, олардың антиденелерінің титрі де жоғары иммуногенділікті көрсетті. Клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталғаннан кейін көп ұзамай вакцинаның клиникалық сынақтары басталады.
Институт ғалымдары әртүрлі платформаларда тағы үш вакцинаны әзірлеуде: Сovid-19-ға қарсы қосалқы, векторлық және тірі кандидаттық вакциналар.
БҚПҒЗИ қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу үшін 13 биологиялық қауіпсіздік зертханасында қызмет атқаратын елдің жетекші вирусолог-ғалымдарын біріктіреді.
Институт соңғы 10 жылда аса қауіпті инфекциялар бойынша, оның ішінде құс және шошқа тұмауына, нодулярлық дерматитке, бруцеллезге қарсы жеті жаңа вакцина жасау технологиясын жасады. Бруцеллезге қарсы қарсы вакцина қауіпсіздігі мен иммунобиологиялық қасиеттері бойынша осы ауруға қарсы вакциналардан едәуір асып түседі. 2020 жылы БҚПҒЗИ ғалымдары түйе шешегіне қарсы вакцина жасады.

30 шілде 2020 ж. 498 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930