» » 25 қазан - Республика күні: Алматылықтар енді тойланбайтын мереке жайлы хабарсыз

25 қазан - Республика күні: Алматылықтар енді тойланбайтын мереке жайлы хабарсыз

Тәуелсіздік алғалы 25 қазан Республика күні ретінде тойланып келді. Алайда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталды. Stan.kz тілшісі алматылықтар арасында сауалнама жүргізіп, Республика күні туралы білімдерін тексерді. 



казакстан

Сауалнама нәтижесі Республика күні мереке ретінде көпшіліктің есінде жоқ екенін көрсетті. Көбі Тәуелсіздік күнімен шатастырып жатты. 

Айта кетейік, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды.

Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді.

Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет  Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

Республика күні Қазақстанда 1992 жылдан бері тойланып келе жатқанымен мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана енгізілді. 2009 жылы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгертілуіне байланысты, 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

14 қазан 2020 ж. 288 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031