» » Ғалымдар адамның коронавируспен ауырғанын білдіретін белгілерді атады

Ғалымдар адамның коронавируспен ауырғанын білдіретін белгілерді атады

Ғалымдар адамның өзі де білмей, айқын симптомдарсыз коронавируспен ауырғанын білдіретін белгілерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Ең алдымен дәрігерлер иіс сезудегі өзгерістер туралы айтады. Қанында антиденелері бар кейбір науқастар біраз уақыт бойы иіс сезуде проблема болғанын айтты. Иіс жоғалту коронавирустың ең маңызды белгісі болып саналатыны белгілі.

Симптомсыз ауруға шалдыққан адамдарда аздап ентігу байқалады. Олар кейде "ауа жетіспейтінін", "қалыпты дем ала алмайтынын" мәлімдеген.

Тағы бір белгі - іштің ауыруы, өйткені бұл өкпенің төменгі бөліктеріндегі проблемаларды көрсетуі мүмкін. Өздері жұқтырғанын білмеген науқастарда негізсіз диарея және асқазанның ауыруы байқалды.

Коронавируспен ауырған кейбір науқастар бір-екі апта бойы қатты шаршаудысезінгендерін еске түсірді, бірақ бұл жағдайды шамадан тыс күш пен күйзеліске балаған. 

Дәрігерлер симптомсыз ауыратындар өздерінің әл-ауқатына қарамастан басқаларды жұқтыруға қабілетті екенін атап өтеді, сондықтан маска тағыы маңызды.

stan.kz
15 қазан 2020 ж. 241 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031