» » Қазақстанда жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі: Депутаттар мәселе көтерді

Қазақстанда жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі: Депутаттар мәселе көтерді

Сенат депутаттары азаматтардың осал санаттары үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың қол жетімсіздігіне, сондай-ақ балама нұсқалар ұсынбай тұрып азаматтарды жалғыз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға жол бермеуге үкіметтің назарын аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.




Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен депутат Ләззат Сүлеймен ҚР премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында қазіргі уақытта тұрғын үй алу кезегінде шамамен 530 мыңға жуық адам тұрғанын және жыл сайын олардың саны тағы 50 мың адамға көбейіп келе жатқанын атап өтті. "Нұрлы жер" бағдарламасына кіретін "Шаңырақ" (5-10-20) қанатқақты жобасы әкімдіктерде тұрғын үй алуға кезекте тұрғандарға ипотекалық несие беруді көздейді. Несие алу үшін отбасының әрбір мүшесінің табысы айына 3,1 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс, ол халықтың табысы аз адамдарға арналғанын көрсетеді. Зейнетақы қорынан берілетін соңғы алты айдың үзінді көшірмесі кірістерді растау нысаны болып табылады.

"Осы жобаны іске асыру тәжірибесі көрсеткендей, осал санаттағы, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін қолжетімсіз болып отыр. Мәселен, 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар олардың еңбек табыстарын растаудың болмауына байланысты, жеңілдетілген ипотекалық кредитке қол жеткізе ала алмай отыр. Бұл азаматтардың әдетте, ресми жұмысқа орналасуға және тиісінше зейнетақы қорына жарналарды аударуға мүмкіндіктері жоқ. Сонымен қатар олардың ресми емес, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтудан олар жоғарыда көрсетілген алғашқы жарнаны енгізу үшін жеткілікті табыстары болуы мүмкін, бірақ оларды жоғарыда аталған себеппен ескеру мүмкін емес", - деді Ләззат Сүлеймен.

Депутаттар сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы кезектілік пен тіркеусіз, бірақ табыстары 3,1 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Аталған бағдарлама көптеген қазақстандықтар үшін едәуір қолжетімді болып табылады, алайда ол бастапқы тұрғын үй нарығында ғана жұмыс істейді.

"Сонымен бірге, пайдалануға қолданысқа енгізу сәтіндегі тұрғын үйді табу, әдетте өте қиын, себебі бастапқы тұрғын үй нарығы пәтерлерді кейіннен қайта сату үшін бірнеше пәтерді бір уақытта сатып алатын алыпсатарлар қызметінің объектісі болып табылады. Осыған байланысты азаматтар алдын ала брондау шартымен тұрғын үй сатып алуға және тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін ғана аталған бағдарлама бойынша ипотекалық кредитті ресімдеуге мәжбүр болады", - деді сенат депутаты.

Осыған байланысты сенаторлар қайталама тұрғын үй объектілерін "7-20-25" бағдарламасына енгізу мүмкіндігін зерделеу орынды екенін ұсынып отыр.

stan.kz
15 қазан 2020 ж. 213 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930