Жемқорлық – індет, жою – міндет

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы дертпен күресу. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Г.ҚАСЫМОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы