» » Алматы тұрғыны 7 миллион теңгеге жалған жолдама сатып алған

Алматы тұрғыны 7 миллион теңгеге жалған жолдама сатып алған

Айыпталушы сатып алушының сеніміне кіріп, 7,194 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген.



ERNUR.KZ. Алматы қаласының тұрғыны жеті миллион теңгеге туристік жолдама сатып алған, - деп жазады Tengrinews.kz.

2019 жылдың қазанында әйел адам туристік компанияның директорына жолдама сатып алу үшін келген. Алайда оған бұған дейін дайындалып қойған электрон билеттердің жалған квитанциясы берілген.

"Айыпталушы сатып алушының сеніміне кіріп, 7,194 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады", - дейді Медеу аудандық № 2 сотының өкілдері.

Іс материалдарын зерттеп, сот әйел адамды алаяқтық ісі үшін кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Сот процесі WhatsApp және Zoom бағдарламаларының көмегімен онлайн-режимде өткен.


21 қазан 2020 ж. 187 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930