» » Танымал әнші Гауһар Әлімбекова алты жылға бас бостандығынан айырылды

Танымал әнші Гауһар Әлімбекова алты жылға бас бостандығынан айырылды



Бүгін Алматы қаласының Алмалы ауданының соты танымал әнші Гауһар Әлімбекованы алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды "31 арна".

Халық ықыласына бөленген әнші құрбысы Бақыт Назаровамен 15 жылдай уақыт дос болған. Гауһар Әлімбекова экс-құрбысынан "Ақкент" тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп 40 мың доллар алған. Алайда не үй әпермеген, не ақшаны қайтармаған.

"Баламның көлігін саттым. Зергерлік бұйымдарды өткіздім. Бірнеше несие алдым. Қателігін мойындап, тәубесіне келетін шығар деп күттім. Бірақ ол кінәсін мойындамады", - деді Бақыт Назарова.

Гауһар Әлімбекова қылмыстық кодекстің 190 бабы "Алаяқтық" бойынша жауапқа тартылды.
Прокурор Дәурен Дүнбаев Әлімбекованың жазасы толық дәлелденді деп мәлімдеді. Ол әншіні сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Жәбірленуші моральдық өтемақы ретінде 51 мың доллар мен 10 млн теңге талап етті. Сот оны ішінара ғана қабылдады.
Айыпталушы жәбірленушіге 40 мың долларды қайтаруға міндеттелді.
Сот Гауһар Әлімбекованы алты жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарып, орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге кесті.
Әнші кінәсін мойындамайтынын жеткізді.
Сот үкімі 30 қаңтар күні өз күшіне енді.



https://kaz.nur.kz
31 қаңтар 2019 ж. 883 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930