» » Түріктің әйгілі актрисасы Қоянбаевтың үйіне қонаққа келді

Түріктің әйгілі актрисасы Қоянбаевтың үйіне қонаққа келді

Түрік сериалдары арқылы түріктер арасында ғана емес, қазақстандықтар арасында танылып үлгерген актриса Неслихан Атагүл мен жолдасы мен Қадыр Деғұлу Нұрлан Қоянбаевтың үйінде қонақ болды. 



"Бүгін бізге қонаққа Неслихан Атагү мен жолдасы мен Қадыр Деғұлу келіп қуантты! Жуырда жаңа жоба!", - деп жазды Қоянбаев желіде. 

Түріктің танымал әртістері Қоянбаевтың төрінде отырды. Қонақ болып, дәм татты. Бұл туралы продюсердің өзі мәлім етті. 

Қоянбаев жақында жаңа жобаның көрерменге жол тартатынын айтып, көпшілікті қызықтырып қойды. 
Бұл сурет желіде кеңінен тарап кетті. Желі қолданушылары таңғалысын жасыра алмады.

"Қандай керемет отырыс", "Сізге ризамын, талмай еңбек етесіз", "Бір жерді жарып шығатыныңызға сенемін, төріңізден құтты қонақтар арылмасын", "Үйде танымал жұлдыздар болса, қандай керемет", "Қазақтың даласын, қонақжайлығын көрсін", "Неслихан Қазақстанға келді ме? Ол кісіні көргім келеді" - деді олар.

Бұған дейін Қоянбаев түрік елінде отандық фильмнің түсіріліп жатқанын айтқан еді. Қоянбаев түсірілім барысында талантты актриса Неслихан Атагүлмен кездескенін хабарлады. Осыдан соң желідегі оқырмандары "Қазақша бизнес" фильмінде басты рөлді Неслихан Атагүл сомдайды деп топшылады. Алайда продюсер ол туралы ақпарат айтқан жоқ.

stan.kz
09 қараша 2020 ж. 302 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930