«Ғажайып өмірдің өзі бір бақыт! Біле білген кісіге тірі жүріп жер басып!»

Мысалы: Мен бақытты отбасыммен өмір сүріп жатырмын. Атам-әжем, ағам мал бағады, анам жұмыста, бөпелерім бәріміз оқимыз, бәрімізде еңбек етеміз.
Кейбір жандар алтын уақытын жоғалтып есірткінің әлегіне түсіп сау емес, не ауру емес адам қалпынан беймәлім маймыл мақұлыққа айналыпа, айналасындағы жақындарына зиян келтіреді. Есірткінің, нашаның әуресіне түскеннен кейін неше түрлі қылмыстық оқиғаларға барады.
Мен өзімнің замандастарыма, құрдастарыма, қазақтың жасөспірім жастарына бақытты жас өмірлеріне қиянат жасамаңдар, ертең өкінетін, өкініші естен кетпейтін жағдайға тап болмаңдар дер едім. Есірткіге, нашаға, қылмысқа жетелейтін басқа да жағдайға жол жоқ!
Есірткісіз өмір сүру!
Бақытқа барар жол бақытты балалық шақ!
Білімді, ғылымды игеру,
Отанға, туған жеріме адал қызмет ету,
Ата-анама адал да, ақылды ұл-қыз болу!
Алпысбай Айшат
Жалағаш ауданы
№31 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына