Есірткісіз өмір ғажайып
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
«Тәрбие басы - тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қазақтың нақыл сөздерінде терең астарлы мағына бар. Отбасы - бала тәрбиесінің , мінез-құлқының алтын діңгегі. Біздің адамгершілік қасиеттеріміз,жақсы нәрсеге әуес болуымыз барлығы ата-анамызға тікелей қатысты. Қазақ халқында бала тәрбиесі маңызды орында. Баланы тәрбиелеу, оның бойына жақсы қасиеттерді, әдеттерді сіңіру мемлекеттің өркендеуіне үлес қосу деп ойлаймын. Себебі, елім дейтін ер-азаматтар көбейсе, еліміз қарқынды дамиды.
«Отбасы – шағын мемлекет» демекші, мен өзімнің береке мен қуаныштың ордасына айналған отбасымды үлгі ретінде айтқым келеді. Ата-анам маған және бауырларыма жаман әдеттерден алыс жүруімізді, жақсылық жасап көмек қолын созуға даяр тұру керек екенімізді үнемі айтып отырады. Кейбір отбасыларда барлығы қарама- қайшы. Жасөспірімдердің ата-анасына қарап, ішімдікке, есірткіге тәуелділігі ояна бастайды. Есірткі – бұл қазіргі қоғамдағы үлкен өзекті мәселенің бірі. Нашақорлықпен әуестену өзіңді-өзің жарға апарып соғумен тең. Біздің отбасымыз нашақорлыққа қарсы. Мен өз отбасымның ұстанымымен мақтанамын.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы “Мен, біздің жастар есірткі қолданса, қынжыламын. Мұндай жағдай қазақ тарихында болмаған. Егер олар жаман жолға түсіп жатса, мен қиналамын” - деген болатын. Міне, Елбасымыздың сөзінен-ақ жастардың болашағына есірткінің кері әсерін түсіндім. Есірткісіз өмір ғажайып! Болашаққа нық қадам басқымыз келсе, ішімдік, шылым, есірткіден бойымызды аулақ ұстауымыз қажет. Ал есірткіге әуес жастардың отбасында тәлім мен тәртіп жоқ деп санаймын. Есірткі тұтынуға байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды. Осыған орай, еліміздің тыныштығын күзетіп, кірпік қақпай сапта тұрған ішкі істер саласы қызметкерлеріне алғысымды айтқым келеді. Мен есірткісіз өмірді таңдаймын, есірткіге қарсымын!
«Тәрбие басы - тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қазақтың нақыл сөздерінде терең астарлы мағына бар. Отбасы - бала тәрбиесінің , мінез-құлқының алтын діңгегі. Біздің адамгершілік қасиеттеріміз,жақсы нәрсеге әуес болуымыз барлығы ата-анамызға тікелей қатысты. Қазақ халқында бала тәрбиесі маңызды орында. Баланы тәрбиелеу, оның бойына жақсы қасиеттерді, әдеттерді сіңіру мемлекеттің өркендеуіне үлес қосу деп ойлаймын. Себебі, елім дейтін ер-азаматтар көбейсе, еліміз қарқынды дамиды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы “Мен, біздің жастар есірткі қолданса, қынжыламын. Мұндай жағдай қазақ тарихында болмаған. Егер олар жаман жолға түсіп жатса, мен қиналамын” - деген болатын. Міне, Елбасымыздың сөзінен-ақ жастардың болашағына есірткінің кері әсерін түсіндім. Есірткісіз өмір ғажайып! Болашаққа нық қадам басқымыз келсе, ішімдік, шылым, есірткіден бойымызды аулақ ұстауымыз қажет. Ал есірткіге әуес жастардың отбасында тәлім мен тәртіп жоқ деп санаймын. Есірткі тұтынуға байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды. Осыған орай, еліміздің тыныштығын күзетіп, кірпік қақпай сапта тұрған ішкі істер саласы қызметкерлеріне алғысымды айтқым келеді. Мен есірткісіз өмірді таңдаймын, есірткіге қарсымын!
Жақсылық Ақжүніс,
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Ақсу ауылы №116 орта мектеп