» » Есірткісіз өмір – ғажайып!

Есірткісіз өмір – ғажайып!

«Нашақорлық» – елді елең еткізетін, қоғам үшін қауіпті де қасіретті ұғым. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, нашақорлықтың құрбандары болып жүрген жандар қаншама. Бұл жас ұрпақ үшін аса қауіпті дерт, талай пенденің өмірін кері бағытқа бұрып, өзегін өксітетіні анық.

Есірткі – ессіздің ермегі. Жалғанның кермек дәмін татамын деп, алдамшы, бір күндік ләззатқа батамын деп құрдымға кеткендерді құтқару кеш болары хақ.

Қазіргі заманда есірткіге үйір болып, соның жолына түсіп, тығырыққа тіреліп жатқан қаншама жасөспірім бар. Оның себебі неде? Біріншіден, ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына түседі. Екіншіден, бауырына еніп, жылы сөйлейтін ниеті жаман адамдарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Егер оған тәуелді болса, өмірі бақытсыздыққа, қайғы-қасіретке айналады және ол аурудан құтылмайтындай кесапат әкеледі. Сөйтіп, ол өмірінің бақытты сәттерінен, қуанышты, ғажап күндерінен айырылады, болашағына балта шабады.
Біз, жас буын – тәуелсіз елдің тірегіміз! Біз, жас толқын – ата-ана, ұстаздарымыз бен жақын­да­рымыздың үмітін арқалаған келешектің иесіміз! Міне, сондықтан өзімнің замандастарымды зиянды әдеттерден тыйылуға, өмірге жарқын көзқараспен қарап, білім мен ғылым жолында ізденуге, салауатты өмір салтын ұстануға, әрнәрсеге еліктемей, өзіндік ой түйіп жүруге шақырамын! Әрбір адам бақытты, табысты, ғажайып өмір сүргісі келсе, есірткі қабылдамай, оның сан соқтырар зардабын өзінен кейінгі бауырларына да түсіндіріп жүргенін қалар едім. Есірткісіз өмір – ғажайып! Мен әрқашан есірткісіз өмірді насихаттаймын!

Нұрай Сайфулла,
№201 мектеп-лицейдің
9 сынып оқушысы
10 қараша 2020 ж. 1 171 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930