Жаманнан жирен
Есірткі – ауру сезгіштікті жоятын, жүйке жүйесіне әсер ететін, табиғи гормондарды еліктіретін химикат. Тәуелділікке алып келеді және денсаулыққа аса қатты зиян. Есірткіні тұтыну 2009 жылдың 1-інші қарашасынан барлық елдерде шектеулі.
Есірткінің жалпы зияны миды улауға алып келеді. Мамандардың айтуынша есірткіні алғаш пайдаланғаннан кейін денеде ауырсыну сезіліп, жүрегі айнып, ұйқысыздыққа алып келеді. Ата-ананың баланы қадағаламағанынан немесе отбасы мүшесінің есірткі пайдалануынан болады. Қалаға оқуға түсіп, “әй дейтін әже, қой дейтін қожаның” болмауынан және ортасына байланысты. Отбасы құрып, жауапкершіліктің көбеюіне байланысты. Есірткіні пайдаланушылардың бір шамасы – жасөспірімдер. Олар бұл жолға әуесқойлықпен түскен. Еліміздің болашағы алаңдатады.
Бір қорқыныштысы жастардың есірткіге деген құмарлығы басым. Олардың пікірінше есірткіні жан мен тәннің рахатына пайдаланады. Қараңғылыққа кетіп бара жатқан жастарға жамандықтан жирен дегім келеді.
Бағлан Есқараев,
№202 мектептің 10 сынып оқушысы