» » АИТВ инфекциясы соңғы үкім емес

АИТВ инфекциясы соңғы үкім емес

Қазіргі таңда АИТВ жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Соңғы мәлімет  бойынша республика көлемінде АИТВ жұқтырғандар саны 38751. Оның ішінде облыста 171  жағдайға жеткен. Бір айта кетерлігі, 14 жасқа дейінгі балалар арасында да АИТВ шалдыққандар тіркелуде. Бұл әрине алаңдатарлық жағдай.
 АИТВ инфекциясы туралы қаншама алдын алу шаралары, үгіт насихат жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар жарияланса да дертті ауыздықтау мүмкін болмай отыр.   
Жалпы АИТВ инфекциясы дегеніміз не? АИТВ-инфекциясы – адамның  иммунды тапшылық вирусымен (ретровирус) шақырылатын, ағзаның  иммунды клеткаларын зақымдап, иммунды тапшылыққа әкеліп, нәтижесінде көптеген оппортунистикалық инфекциялар мен қатерлі  ісіктерге   өтетін баяу ағымдағы  жұқпалы ауру.  Бұл ауруға шалдыққандарды түр келбетіне қарап ажырату мүмкін емес, себебі вирус ағзаға енгеннен кейін ұзақ мерзімде ағзада таралып, ешқандай клиникалық көрініс бермей баяу ағымда өтеді. АИТВ-ға шалдыққандарды тек қана тестілеу арқылы қанды тексеру барысында анықтауға болады.
АИТВ жұқпасының жұғу жолдарына тоқталатын болсақ медицина тұрғысында негізгі 3 жұғу жолдары дәлелденген. Бірінші жол  парентеральды жол, яғни тексерілмеген адам қанын, тінін қолданғанда, иньекциялық есірткі тұтынушылар бір шприцті  бірнеше адам пайдаланғанда жұғады. Екінші жол қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы жұғады . Бұл дегеніміз  бірнеше адаммен жыныстық қатынасқа түскен жағдайда жұғуы мүмкін, себебі ол адамдардың АИТВ статусы белгісіз. Үшінші жол егер жүктілік кезінде анасынан АИТВ инфекциясы анықталса босану кезінде балаға жұғады, себебі қынап  сұйықтығында қоздырғыш көп бөлінеді.
Негізі адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарының ішінде  қанда, ана сүтінде вирус көп бөлінеді. Сондықтан осы жолдар арқылы жұғатындығы  анықталған. Ал АИТВ инфекциясы қол алысқанда, суға түскенде, тұрмыстық заттардан, тіпті АИТВ-ға шалдыққандармен бірге өмір сүргенде  жұқпайды. Егер адамнан АИТВ инфекцияға шалдыққандығы анықталса бұл соңғы үкім емес.Әлемде қаншама адам АИТВ статусын біліп,өмір сүруде екендігін естен шығармағанымыз жөн. АИТВ шалдыққандар мемлекеттік қамқорлықта болады,олар мемлекет тарапынан өмір бойына тегін дәрі дәрмектермен қамтамасыз етіледі. АИТВ инфекциясына тағайындалатын вирусқа қарсы препараттар антиретровирусты препараттар деп аталады,яғни бұл дәрілер ағзадағы вирустың деңгейін жоғарылатпай бір деңгейде ұстап тұрады, өмір сүруді ұзартады, иммундық жүйеніқ қызметін сақтайды. Сондықтан АИТВ шалдыққан жағдайда өмірден түңілудің қажеті жоқ, медицина жыл сайын дамып келеді, АИТВ статусымен толыққанды өмір сүруге, жұмыс жасауға, білім алуға толық құқылы. АИТВ шалдығушыларға психоәлеуметтік көмек көрсетіледі,қолдау,қорғау жасалады. АИТВ инфекциясы тек адамнан адамға жұғатын ауру болғандықтан, сақтық шараларын сақтау керек. Дәрігер кеңесіне  ден қойып, зиянды әдеттерден аулақ болы, құнарлы тамақтанып, дәрілік препараттарды үзбей қабылдаған жағдайда ұзақ өмір сүруге, ЖИТС-ке жеткізбеуге болады. Егер адам өзінің АИТВ статусын білгісі келсе АИТВ-ға тестілеуден тегін өтеді.
Біздің   аудандық емханада психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті  жұмыс жасайды. Кабинеттің негізгі міндеті АИТВ-ға тексерушілерге тестілеуге  дейін және тестілеуден кейінгі кеңес беру. Егер сіз АИТВ-ға  жасырын тексерілгіңіз келсе  құпиялық сақтала отырып тестілеу жүргізіледі. Қорыта келе  АИТВ-ға  шалдықпас үшін  зиянды әдеттерден аулақ болу керек, бір ғана жыныстық серіктесің болу керек және салауатты өмір сүре білу керек.

Айман Бекниязова,
Жалағаш психо-әлеуметік кеңес беру кабинеті дәрігері 

 
23 қараша 2020 ж. 238 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031