» » ӘДЕПТІЛІК ӘР АДАМНЫҢ БОЙЫНАН ТАБЫЛУ ҚАЖЕТ

ӘДЕПТІЛІК ӘР АДАМНЫҢ БОЙЫНАН ТАБЫЛУ ҚАЖЕТ

«ҚазақстанРеспубликасымемлекеттікқызметшілердіңәдепкодексі» ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығыменбекітілген болатын. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен қарым қатынасын жақсарта отырып, олардың жұмыс сапасына серпін берері сөзсіз. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі 1 тармағына сәкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Сонымен қатар, Әдеп Кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауы тиіс.
Жалпы әдепті болу қазақтың бойында бұрыннан қалыптасқан жақсы қасиет. Сондықтан халық, мемлекеттік қызметшілердің бұл кодексті тез әрі жақын қабылдауы орынды. Бойына әдептілікті жиып өскен мемлекеттік қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа да қарсы жұмыс жасайтыны сіз бен бізге айтпаса да белгілі. Сондықтан бұл әдеп жөніндегі кодекс тек жеке бір адамның бойындағы ізгі қасиеттерді арттырумен шектелмей, мемлекет дамуына да өз үлесін қосары анық.
Жалпы мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы кешегі Қазақстан халқына Жолдауында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдасын ұсынған болатын. Бұл ұтымды ұсынысты жүзеге асыруда жоғарыда атап өткен әдеп жөніндегі кодексте көрсетілген ізгі қасиеттердің мемлекеттік қызметкерлер бойында болуы аса маңызды. Сондықтан елмен етене жұмыс жасап, халықтың қажетіне қызмет қылар кез келген адамның бойында әдептіліктің сипат алуы қажет. Сонда ғана еліміз өркендеп, дамыған һәм озық мемлекеттер қатарынан орын алары хақ.

Дастан БАҚТИЯРОВ,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары
25 қараша 2020 ж. 11 651 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031