» » Қазақстандағы арал 1,5 миллиард теңгеге сатылмақ

Қазақстандағы арал 1,5 миллиард теңгеге сатылмақ

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасының дәл ортасында орналасқан Гусиный аралы сатылымға қойылды. Жерді сату туралы хабарландыру танымал сайтта пайда болды, деп хабарлайды  КТК арнасы.


Хабарламада учаскенің ерекше екенін атап өткен. Оның ауданы - 225 гектар. Жер бедері әртүрлі: төбелер, жағажайлар және су қоймасының әдемі көрінісі бар. Құны - 1,5 миллиард теңге.
 
Осы орайда қазақстандықтарда бірден көптеген сұрақтар туындады. Оның бірі: қалайша арал біреудің жеке меншігінде болуы мүмкін? Бұған аудандық әкімдікте түсініктеме берді.

Жергілікті басшының айтуынша, бұл жер 90-шы жылдардың соңында экономикалық соттың шешімімен жеке меншікке берілген. Яғни бәрі заңды.  Дегенмен шенеунік меншік иесі кім екенін нақтыламады. Әкімдіктегілер қазіргі қожайын аралды дамытуға ниеті жоқ деп ойлап, оны сатуға шешім қабылдаған. 

"Ол оны сатуға тырысып жатыр,  өйткені ол ауыл шаруашылығы саласына қызықпайтынын түсінді. Ол сатып алушыны іздеп жатыр, бұл жерді, 225 гектарды меншік иесі сатып алып, мақсатын одан әрі өзгерте алады. Туристік, басқа нәрсе болса да. Қазіргі иесі де сондай үмітпен осындай қадамға барды", - деді ШҚО Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов.
27 қараша 2020 ж. 337 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930