» » ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАҒАН АБЗАЛ

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАҒАН АБЗАЛ

Аудандық сотта жер дауына қатысты семинар өтті. Семинарға аудандық сот төрағасы Асылхан Мизанбаев, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов және тиісті сала мамандары қатысты.
Соңғы жылдары жер теліміне бай­ла­нысты даулар көбейген. Жеке меншікке жер алу, онда үй-жай, құрылыс салумен шұғылданатын азаматтар жер туралы заңдардың қағидаттары мен міндеттерін толық білуі шарт екені белгілі. Бөлінген жердің меншік иесі болуға жəне оны алудың жолдары мен оны пайдаланудың құқықтық жауапкершілігі туралы сөз қозғаған аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев жерді толық рәсімдемей жатып, тұрғын үй құрылысын салуға болмайтынын жеткізді.
– Сот залында жер дауына қатысты мынадай бір дауға нүкте қойдық. Кезінде тұрғын үй салу мақсатында танысынан жерді сатып алады да, оның құжатын рәсімдеместен құрылысты бастап кетеді. Екеуара жерді сату-сатып алу туралы заңды қолхаттары да жоқ. Кейін үйдің құжатын рәсімдейтін кезде түсініспеушілік туындап, ақыры екі тарап сотқа жүгінді. Осындай жағдайлар қазір жиілеп кетті. Өйткені ауыл азаматтарының көпшілігі жер алу, жер сату барысында тек ауызша келісім жасап, құжаттың дұрыс-бұрыстығына мән бермейді, – деді сот төрағасы.
Мәселен қазіргі күні үй салуға қажетті жер кезегінде 2229 адам тұр. Оларға кезең-кезеңімен жер телімдері үлестіріліп келеді. Алайда кейбір тұрғындар кезекте тұрып алған жерді сатуға шығарған. Олардың бұл әрекетіне қатысты да сан сауалдардың жауабы осы жиында талқыланды. Сондай-ақ, жер алу және жер сату тәртібі, тұрғын үй құрылысы кезінде ескеретін жайттар да назарға алынды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ

19 желтоқсан 2019 ж. 413 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930