Сот төрелігі назарда
Аудандық сотта сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Жалпы, 9 айды қорытындылаған шараға аудандық сот төрағасы мен сот кеңсесінің қызметкерлері, прокуратура және БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз конференциясында аудандық сотта биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жаңадан енгізілген заңдар туралы баяндалды.
Өз сөзінде сот төрағасы А.Мизанбаев 2018 жылғы 9 ай ішінде аудандық соттың өндірісінде барлығы 104 қылмыстық іс, 339 азаматтық іс, 296 әкімшілік іс қаралғанын, сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принціпін жүзеге асыру мақсатында, 2018 жылдың 9 айында үн бейне жазбасына жазу арқылы барлығы 521 іс қаралғанын атап өтті.
Сонымен қатар, 9 айда «Сот кабинеті» арқылы 339 талап арыз түскен. Жеке және заңды тұлғалардың судьяның әрекеті мен азаматтарды қабылдау мәселесі бойынша шағым түспеген.
“ЖЖ” ақпарат.
Пікір 2