Сот шешімі түсінікті тілде жазылуы керек
Бұл жөнінде Жоғары соттың пленарлық отырысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Жыл сайын аудандық, қалалық судьялар 1 миллионнан астам істерді қарайды. Қылмыстық істер, азаматтық істер, әкімшілік істер. Әрбір іс бойынша тиісті шешім, тиісті үкім, тиісті қаулы қабылданады. Мысалы, 2017 жылы аудандық, қалалық судьялар 1 млн 200 мың іс қарап, соншама шешім, үкім, қаулы қабылдады. Ал, енді көп жағдайда осындай шешімдер және үкімдермен көбісі келіспей жатады, жоғарғы сот сатыларына өздерінің наразылықтарын білдіреді. Оның, әрине, бірнеше себептері бар. Оның басты себебінің бірі – сот шешімдері мен үкімдерін түсінбеулері. Біз осы жөнінде бір ай бұрын үлкен талқылау жүргіздік. Мынау азаматтық істер бойынша сот шешімі қабылданады. Сол сот шешімдері қандай болуы керек, сол жөнінде бірнеше талап қойдық, нормативтік қаулы қабылданған. Мысалы, мазмұны бойынша соттың шешімі оңай, жеңіл, түсінікті тілмен жазылсын деп шешім қабылдадық. Сосын, мысалы, арыз иесінің әр уәжіне нөмірлеп тұрып сот шешімінде соларға жауап беруіміз міндетті деп шештік. Сонымен қатар, біздің заң терминдеріміз көп. Оны қарапайым адам түсіне бермейді. Оны біз сот шешімдерінде пайдалануға міндеттіміз. Біз оны пайдаланғанда қарапайым тілге аударуды талап еттік. Бұл мазмұны бойынша», - деді жоғарғы сот төрағасы.
Сонымен қатар, Асановтың айтуынша, азаматтық істер бойынша шешім құрылымы да бірқатар өзгертулерді талап етті. Себебі, шешімдерде «барлығы араласып кеткен, шешімдердің көлемі үлкен, бір керек нәрсені оның ішінен табу көп жағдайда мүмкін емес, қиын».
«Сол себепті біз мынандай талап қойдық. Әрбір шешімнің логикалық құрылымы болуы тиіс. Сосын, үшінші жағынан, техникалық тұрғыдан ешқандай талап жоқ. Сол себепті шешімдерде не абзац, не аралық жоқ, көп жағдайда майда қаріппен жазылады, адамдар оны түсінбейді, оқи алмайды, адамның көзі ауырады. Сондықтан, техникалық талап та қаулыда қарастырылды. Бұл азаматтық істер бойынша. Ол 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оған дейін төрт жарым ай бар. Осы уақыт ішінде біз аудандық, қалалық судьяларды осыған үйрету керекпіз. Қалай жазу керек, қалай сөйлеу керек, риторикаға. Мұның барлығын біз жоғарғы оқу орнында үйренбегенбіз, ал бұл бізге қажет нәрселер. Егер, қабылданған нормативтік қаулыны орындайтын болсақ, осыны қолға алу керекпіз. Қылмыстық істер бойынша үкім қабылданады, әкімшілік істер бойынша қаулы қабылданады. Ал үкім мен қаулылар бойынша ұқсас проблемалар өте көп. Бүгін біз тиісінше талқылау жүргізіп, жан-жақты қараймыз, пікірлер тыңдалып, тиісті нормативтік қаулы қабылданады», - деді сот төрағасы.