ҚОҒАМ ДЕРТІ АСҚЫНБАСЫН ДЕСЕК...
Қазіргі қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бір сәтке толастамайды. Мақсат – тойымсыздық пен ашкөздік аранын түбірімен жою. Сыбайлас жемқорлық – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвистициялар тарту процесін баяулатып, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп, елдің дамуына айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Сондықтан да кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі.Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, дерттің бұдан әрі ұлғаймауы үшін барлық амалдарды қолдану арқылы қарсы тұруға болады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтап, салдарын жою тек тиісті мекемелердің ғана міндеті емес, барлығымызға жауапкершілік артып отыр. Өйткені біз бір қоғамда, келешегі зор мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасы әрбір азаматының борышы болуы керек.
Тұрар ШҮЙІШБАЕВ,
Жалағаш аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы